«Қарлығаш» тобы (қазақ ағылшын тобы) (3-4 жас)

«Қарлығаш» тобы (қазақ ағылшын тобы) (3-4 жас)



Тәрбиеші: Нысанбаева Бекзат Бейбітқызы

Білімі:  Жоғары.

1.Орал педагогикалық гуманитарлық-техникалық колледжі – «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі»

2.Батыс Қазақстан инженерлік- техникалық университеті –«Педагогика және психология»

Қосымша білімі: «Отбасы психологы», «Хореограф».

Еңбек өтілі: 9 жыл

Санаты: І санатты

Жүлделері: 2012 жылы «Үздік мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі» бас жүлде, ІІ Республикалық педагогикалық оқуларынан аудан,қала,республика көлемінде бас жүлде иегері.

Әдістемеліктері:Құм терапиясы, Тас терапиясы, Мектепке дейінгі ұйымдар сурет салу оқу қызметін өткізудің әдістері,Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың әдістері,Сөйлеуді дамытудың әдіс-тәсілдері жинақтарының авторы.

Қосымша деректері: Қыздар педагогикалық университеті «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөлімінің жанынан құралған әлемдік ассосоциялық ұйымының мүшесі,Қалалық білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі жанында бірлестік мүшесі.

Педагогикалық ұстанымы: Қазіргі заман талабына сай саналы,талғампаз, тілге шешен,өнерлі,ақылды бала тәрбиелеп шығару.Өз білгенімді балаға үйрету.

 

Тәрбиеші: Конабаева Багила Джумабайқызы

Білімі:Жоғары. «Абылай Хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті».
Мамандығы: «Шетелдік филология»
Еңбек өтілі: 2 жыл
Педагогикалық ұстанымы: «Балабақша сәні- бүлдіршін. Бүлдіршін- өмір сыйы, болашағымыздың тірегі ».Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса, үлесім тиіп жатса,мен өзімді бақытты тәрбиеші – ұстаз, бақытты жанмын деп білемін.

 

Тәрбиешінің көмекшісі: Есентаева Ақерке Рахматуллақызы

Білімі: арнайы орта. «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы Гуманитарлық колледжі Ұстанымы: «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақ қолында,  ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында». Адам баласының өмірде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп мамандығыңа деген ынтызарлық, әрі ыстық ықылас дер едім.